01
март
2019
Біздің мектеп
Шымкент қаласы білім басқармасының «№109 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1960 жылы асарлар арқылы Лаяп атындағы 4 жылдық бастауыш мектеп салынып, сол жылдан бастап өз қызметін бастады. Мектепті Ахмедов Абдурашид басқарды. Ал 1971 жылы Ленин (А.Яссауи) атындағы колхоз басқармасының шешімімен үлгілі мектептің құрылысы басталып, Ленин атымен аталды. Құрылыста Ленин (А.Яссауи) атындағы колхоздың төрағасы Жамалов Ордабек пен Сайрам ауылдық кеңесінің төрағасы Юлдашев Жүрдің сіңірген еңбегі зор. Бұл мекемені 1972-1991 жылдар аралығында Кәрімқұлов Мавланқұл басқарды. 1991 жылы мектеп директоры болып Мирсавуров Миракбар тағайындалды, ол мектепті 2009 жылдың қыркүйек айына дейін басқарды. 2009-2010 оқу жылының қыркүйек айынан бастап мектепті жаңа директор Қадиров Мансұрхан басқарды.
Шымкент қаласы білім басқармасының «№109 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқытылу тілдері: Қазақ, орыс, өзбек тілдерінде
Мектеп құрылған жылы: 1972
ЛИЦЕНЗИЯ НӨМІРІ: №14015662 17.10.2014г
ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР: Футбол, волейбол, баскетбол алаңдары,
Физика, химия, биология және мультимедиа кабинеттері бар.
ТЕЛЕФОН: 26-18-30
WEB-САЙТ: http://109.shymkent-mektebi.kz/
МЕКЕН ЖАЙЫ: Каратау ауданы, Сайрам массиві Сейфуллин көшесі №19