30
апрель
2024
ПЕДАГОГТАРДЫ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
ПЕДАГОГТАРДЫ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №109 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Умаралиев Аскар Эргашович
Ұстаз - мектептің жүрегі. Ұстаздың мықты болуы қазіргі таңдағы барлық процестерге өз әсерін тигезеді. Мұғалімдерді аттестаттау- мұғалім білімі мен біліктілігін дәлелдейтін құжат. Жоспарланған жаңа өзгерістерге сәйкес педагог қызметінің жоғары кәсібилігі мен жетістігін оқушылардың нәтижелі көрсеткіштерімен тікелей байланыстыруға басымдық беріледі.
Мұғалімдерді аттестаттау ережелеріне еңгізілген автоматтандыру - қазіргі заман талабы. Портфолионың автоматты түрде қойылғаны да, қағазбастылықтықтың азаю процессін жеделдетеді. Аттестаттауда тек мұғалімнің жетістіктерін ғана емес, мұғалім дайындаған оқушының жетістігін бағалануы да , аттесттацияның әділдігі деп есептеймін.
Еңбек өтілі 30 жылдан астам мұғалімдер тест тапсырмай, тек портфолио тапсыратыны да мұғалімдерге үлкен көмек болатыны сөзсіз. Зейнеткерлікке төрт жылдан аз уақыт қалған мұғалімдер аттестаттаудан босатылады деп жазылған. Бұл ережемен танысқан ұжымымыз мұғалімдері толықтай қосылды.
Бұл аттестаттау мұғалімдердің өз біліктілігін шыңдауға , заман талабына сай ұстаз болуына үлкен маңызды жоба деп есептеймін.
Барша ұстаздар қауымына сәттілік тілейміз!

