14
февраль
2023
Семинар. Білім берудің 4К моделі
№109 жалпы орта білім беретін мектепте «Білім берудің 4К моделін жүзеге асыру: теория, технология, тәжірибе» тақырыбында өткізілген қалалық семинар туралы
№109 жалпы орта білім беретін мектепте 30 қараша 2022 жыл күні Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының директоры М.Медетбекованың келісімімен «Білім берудің 4К моделін жүзеге асыру: теория, технология, тәжірибе» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде білім берудің 4К моделін жүзеге асырудың теориялары, технологиялар және әдістемелерін пайдаланудың озық тәжірибелерін насихаттау, оларды жетілдіру туралы пікір алмасу, әрі жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға жалпы білім беретін мектептердің педагог қызметкерлері, жоғары оқу орындары, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттары мен педагогикалық шеберлік орталықтарының қызметкерлері, білім беруді басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар және ата-аналар белсенді қатысты. Яғни, М.Әуезов атындағы ОҚУ профессоры Н.Ш.Алметов, Шымкент қаласы әдістемелік орталығының әдіскері А.А.Кисабекова, Н.А.Корганбаева, Б.Е.Халиева, М.А.Байқоңырова, Г.Н.Сыздыкова, Ж.А.Арысбаева, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Ж.Купешова, «Өрлеу» БАҰО,АҚФ» Әдістеме және педагогикалық инновация кафедрасының меңгерушілері Л.Кенжеходжаева, А.А.Жангабулова, Шымкент қаласы білім басқармасының «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» КММ директорының у.м.а. Г.С.Ахметбекова, Шымкент қаласы білім басқармасының тәрбие саласы бойынша Г.Ергешовна, Г.Сулейменова қатысты.
Қалалық семинардың бағдарламасы әзірленді, бағдарлама бойынша 1-бөлім «Ұйымдастыру» бөлімі болып, семинарға қатысушыларды қарсы алу және тіркеу жұмыстары жүргізілді. М.Әуезов атындағы ОҚУ профессоры Н.Ш.Алметов мәжіліс залында «Білім берудің 4К моделін жүзеге асыру: теория, технология, тәжірибе» тақырыбында коучинг сабағын өтті. Мектептің оқу-тәрбие өмірі жайлы көрме ұйымдастырылып, келген қатысушылар 15 минуттай уақыт аралығында көріп шықты. Семинарға келген қонақтардан, ата-аналардан интервью алынды.
II бөлім «Тәжірибелік бөлім» де 1-сабақ сағат 9-30 да басталды. 9-«В» сыныбында Алгебра пәнінен «Геометриялық прогрессияның n-мүшесі» тақырыбында Дилором Мусаева, Биология пәнінен 7-«Г» сыныбында «Қанның құрамының қызметі» тақырыбында Н.А.Уктамшикова, 7-«Г» сыныбында өзбек тілі пәнінен «Хаёт соглик билан гўзалдир» тақырыбында М.Х.Махаматкулова, 6-«А» сыныбында дүниежүзі тарихы пәнінен «Мўғул истилочларининг Евросиё сиёсий харитаси ўзгаришига таъсири» тақырыбында И.И.Азизов, 10-«Б» сыныбында «Тригонометрик теңдеулер және олардың жүйелерін шешу жолдары» тақырыбында М.Б.Исламшикова, 4-«В» сыныбында «Фигураларни ясаш» тақырыбында М.Д.Хайтметова, 2-«В» сыныбында «Муаллим» тақырыбында Д.К.Абдраимова, 10-«Б» сыныбында информатика пәнінен «Сайт дизайнын әзірлеу» тақырыбында Н.К.Алимова, 6-«Ә» сыныбында ағылшын пәнінен «Protecting Nature» Д.А.Абдурахманова, 8-«В» сыныбында орыс тілі пәнінен «Космическая азбука» тақырыбында С.М.Ергашова, және орыс тілі пәні мұғалімі Д.Арзикулов, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі У.Э.Хашимова, М.А.Зуббарова, ДТЖЖО Ш.Ш.Шаюсупов мұғалімдер арасында дебат өтті.
![]() | |
2-сабақ 10:30 – 11:15 аралығында 7-«А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Еңбек етсең ерінбей» тақырыбында С.С.Сулейманова, 5-«А» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Материальная культура древних кочевников» тақырыбында М.О.Абдурахманова, 10-11 сынып оқушылары арасында биология пәнінен «ҰБТ»-ға дайындаудың тиімді тәсілдері тақырыбында Г.А.Ибрагимова, 10-«Б» сыныбында физика пәнінен «Изопроцестер» тақырыбында Д.Х.Исаходжаева, 4-«Ә» сыныбында «Кітап – асыл қазына» тақырыбында Д.И.Абдуллаева, ашық сабақ өтті. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Ж.Купешова «Білім беруде 4К моделі дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг, Әдістеме және педагогикалық инновация кафедрасының меңгерушілері Л.Кенжеходжаева, А.А.Жангабулова коучинг, №107 мектеп-лицейінің ДҒЖЖО Н.П.Маккамбаева «Икемді дағдыларды дамыту: мектепте инновациялық іс-әрекеттің басымдық бағыты» тақырыбында коучинг, М.Әуезов атындағы ОҚУ профессоры Н.ш.Алметов «4К модельер мұғалім: сабақта жаттығулардан икемді дағдыларға қарай» тақырыбында коучинг, №109 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі У.А.Ташалиева «PISA: мәтін түрлерімен талдау жұмыстары» тақырыбында коучинг, Оқуға құштар мектеп жобасы аясында ДТЖЖО М.А.Сейтходжаева, информатика пәні мұғалімі И.З.Имамсидикова, кітапханашы Ш.Ш.Абдираимова, Н.Икрамшикова, тәлімгер М.Х.Мираматова «Кітап – рухани әлем» тақырыбында іс-шара, «Юксалиш» лидерлар академиясы ұстазларыдан М.Миркадиров, С.Исаметов «XXI аср ёшлари ва ота-она» тақырыбында тренинг өткізді.
III бөлім 11:15-11:35 аралығында қазақ тіл мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.М.Юлдашова оқушылардың қатысуымен TEDx, информатика пәні мұғалімі А.Наркулов «Шебер мұғалім – сапалы сабақ» тақырыбында TEDx, 12:00 – 12:30да ДТЖЖО Б.И.Кабулова, география пәні мұғалімі Н.Моминшикова тарапынан мектептің 50 жылдық тарихы негізінде «Мектебім – алтын ұям» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
IV бөлімде өтілген іс-шара бойынша кері байланыс беру мақсатында қорытынды жасалынды.
Бүгінгі оқушы – білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген тұлға болуы керек. Осы мақсатқа жету жолында 109 мектептің ұжымы, білікті ұстаздары қажырлы еңбек етуде.




