30
апрель
2024
16 НАУРЫЗ - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ.
16 НАУРЫЗ - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ.
№109 жалпы орта білім беретін мектебі «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 12.03.2024 жылғы №10-07-07/1425 хатына негізделіп, 1-11 сынып қыздары арсында БҰРЫМДЫ ҚЫЗ сайысы өткізілді.
Қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. "Қыздың көркі-шаш, шаштың көркі-шаштеңге" демекші, дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», – деп жырға қосқан. 

