06
февраль
2024
ҰЛДАР КЕҢЕСІ ЖИНАЛЫСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №109 жалпы орта білім беретін мектебінде директор А.Умаралиев, директор орынбасарлары Ш.Сайдахметов, Т.Каримкулов, Ш.Шаюсупов ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұл балаларға тәрбие бойынша зейнеттегі ұстаздар келіп профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында салауаттылық, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, маскүнемдік, шылым шегудің әсері бойынша тренингтер өткізілді, ұл бала мәдениеті, тәрбиесі, сөйлеу әдебі тақырыптары бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.
Ұл бала тәрбиесі -жауапты іс
Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру және әкелер, ағалар ықпалы нәтижесінде ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу.
Жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту туралы айтылды.